20:02 15 Қазан 2019
Тікелей эфир
  • USD389.62
  • EUR429.98
  • RUB6.06
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет

Назарбаев Түркістанды Қазақстанның жаңа астанасы ретінде қарастырғанын мәлімдеді  

© Sputnik / Алексей Дружинин
Саясат
Қысқа сілтеме алу
3228 0 0

Теларнаға сұхбат берген Қазақстанның тұңғыш президенті астананы ауыстыруға және ежелгі қаланың болашағына қатысты ойларын ортаға салды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" арнасына берген сұхбатында елорданы көшіретін кандидат қалаларды таңдаған кезде Түркістан да қарастырылғанын айтты.

"Ол көптен ойлап жүрген мәселе еді. Тіпті елорданы таңдаған кезде де ойымда болды. Ол кезде кішігірім қала. Елорданы онда апара алмайтын болдық. Себебі ол – біздің рухани орталығымыз, тіпті түркі әлемінің рухани ордасы", - деді Назарбаев.

Елбасы 1500 жылдық тарихы бар Түркістанды жандандырудың сәті енді түскенін атап өтті. Өйткені астананы салғаннан кейін оған қаражат табыла қоймаған.

"Шымкенттің халқы миллионнан асқандықтан, оны орталыққа бағынатын қала жасадық. Сондықтан мен Түркістанды облыс орталығы деп жарияладым. Түркі тілдес мемлекеттер де, басқалар да оны қолдады. Бұл дұрыс шешім деп ойлаймын", - деп түйіндеді Елбасы.

Тағы оқыңыз: "Кімді жаулап жатыр?". Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді

Сұхбат 11 қазан күні көрсетілді.

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында республикалық телеарналардан халыққа үндеу жасап, отставкаға кететінін мәлімдеді.   

 Ол жоғарғы мемлекеттік қызметтен кеткенмен Қауіпсіздік Кеңесінің және "Нұр Отан" партиясының басшысы қызметтерін сақтап қалды, сонымен қатар Конституциялық кеңестің мүшесі болды.

Тақырып бойынша

"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты
"Олай болады деп ойламадым": Назарбаев ағынан ақтарылды – видео
"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты
"Мен оларды аяймын": Назарбаев шетелде жүрген сатқындарға мінездеме берді 
Кілт сөздер:
Астана, Түркістан, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып