05:42 15 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.49
  • EUR427.26
  • RUB6.06
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото

Назарбаев 1 наурызға дейін жаңа бағдарламалар әзірлеуді тапсырды

© Sputnik / Стрингер.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1194404

Қазақстанда 2020 жылдың 1 наурызына дейін әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламалары әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.  

Үкіметтің, "Nur Оtаn" партиясы мен оның парламент мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңесте Елбасы өңірлерді дамыту бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына тоқталды, деп хабарлады Elbasy.kz.   

Оның пікірінше, қазір стратегиялық бағдарламалар ойдағыдай деңгейде жүзеге аспай отыр.

"Олардың орындалуын қадағалап отырған тиісті бақылау жоқ. Кейбір тармақтар мүлдем орындалмайды. Жоспарланған жұмыстарға үнемі түзетулер енгізіліп келеді", – деді Назарбаев.

Сондықтан, Қазақстанның тұңғыш президенті атап өткендей, ұлттық экономика министрлігі "Nur Оtаn" партиясымен және оның фракциямен бірлесіп, аталған бағдарламалардың орындалуы туралы тыңдау ұйымдастыруы керек.

Тағы оқыңыз: Желіде Назарбаевтың денсаулығына қатысты мәлімет жарияланды 

"2025 жылға дейін аумақтарды дамытудың жаңа бағдарламаларын жасау қажет", – деді Елбасы.

Осыған байланысты Қазақстанның тұңғыш президенті 2020 жылдың 1 наурызына дейін әр аудан, қала және облыс үшін аумақтық даму бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды.

Тақырып бойынша

Назарбаевқа Түркі әлемінің Жоғары ордені тапсырылды
Назарбаев Түркістанды Қазақстанның жаңа астанасы ретінде қарастырғанын мәлімдеді  
"Кімді жаулап жатыр?": Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді
"Мен оларды аяймын": Назарбаев шетелде жүрген сатқындарға мінездеме берді 
Абаев Қазақстандағы "қос билікке" қатысты сауалға жауап берді
Назарбаев министр мен депутаттарды жинап алды: отырыста не талқыланып жатыр?
Кілт сөздер:
бағдарлама, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып