00:40 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі фото

Назарбаев: Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр

© AP Photo /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
266 0 0

Қазақстанның тұңғыш президентінің пайымынша, үкімет пен фракция жүйелі жұмыс жүргізіп, ел-жұрттың нақты мәселелерін бірлесе шешуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан – Sputnik. Елбасының төрағалығымен Үкіметтің, "Nur Оtаn" партиясы мен оның парламент мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңес өтті.

Отырыста Нұрсұлтан Назарбаев елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттырудағы  партияның айрықша рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлады Elbasy.kz.

Тағы оқыңыз: Назарбаев 1 наурызға дейін жаңа бағдарламалар әзірлеуді тапсырды

"Бүгінгі таңда партиямыздың алдында қоғамды жұмылдыру, партия атынан сайланған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың маңайына элитаны топтастыру міндеті тұр. Партия елдің жетекші саяси күші ретінде мемлекетіміздің дамуының стратегиялық бағытының сабақтастығын қамтамасыз етуге тиіс", – деді партия төрағасы.

Назарбаевтың пайымынша, үкімет пен фракция жүйелі жұмыс жүргізіп, ел-жұрттың нақты мәселелерін бірлесе шешуі керек. Ол сайлауалды бағдарламаның және ұлт жоспарының орындалу нәтижелеріне тоқтала келе, партияның қалған міндеттемелерін орындауға қатысты ықтимал қатерлерді атап көрсетті.

"Біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Үш жарым жылдың ішінде 430 мыңнан астам жұмыс орны пайда болып, 2,7 мың шақырым жол салынды. Еуразия құрлықаралық дәлізі іске қосылды. Елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 28 пайызға жетті", – деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Бір жыл ішінде Қазақстан "Doing Business" рейтингісінде 8 позицияға ілгерілеп, 28-ші орынға көтерілген.

"Біздің міндетіміз – ұзақ мерзімді көшбасшылықты сақтау. Мәжіліс сайлауына партияның жаңа сайлауалды бағдарламасын дайындау жұмыстарын бүгіннен бастау керек. Стратегиялық бағытты негізге алып, әртүрлі әлеуметтік топтардың нақты мүдделерін көздеп, ел-жұрттың нақты сұраныстарын өтеген жөн", –  деді партия төрағасы.

Тақырып бойынша

"Кімді жаулап жатыр?": Назарбаев Қытай басшылығымен қандай келісім жасағанын түсіндірді
Белгілі жазушы Тоқаевтың ерекше қасиеті туралы айтып берді
Путин Тоқаевтың қандай адам екенін айтты
"Өкінбеймін": Назарбаев халық үшін қандай маңызды шешім қабылдағанын айтты
Абаев Қазақстандағы "қос билікке" қатысты сауалға жауап берді
Кілт сөздер:
саясат, Назарбаев, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып