Саясат

"Соңғы сөзді айтады": Министр Тоқаев қандай жағдайда Назарбаевпен келісетінін айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновМинистр юстиции Казахстана Марат Бекетаев
Министр юстиции Казахстана Марат Бекетаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министр Марат Бекетаев Қазақстан президентінің Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндіре келе, бұл қалыпты процедура екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Қазақстан президентінің Елбасының өкілеттігіне қатысты жарлығы елде қос билік екенін білдірмейді. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұл президент билігінің әлсірегенін білдірмейді, себебі бұл келісудің қалыпты процедурасы", - деді Бекетаев үкімет кулуарында.

Журналистер министрден "бұл жарлық елде қос билік барын білдіре ме?" деп сұрады.

"Әрине, жоқ. Мұндай тәжірибе көптеген елде бар. Яғни, маңызды саяси ауыс-түйістерді басқа да органдармен келіседі", - деді ол.

Бекетаев бұл жағдайды әсірелеудің қажеті жоқ екенін айтты.

Бұдан бөлек, ол қауіпсіздік кеңесінің төрағасы кандидатураны мақұлдамаған жағдайда, мәселе қалай реттелетінін түсіндірді.

"Жарлықта барлық процедура анық жазылған. Оған сәйкес, президент шешім қабылдамас бұрын консультация өткізеді. Сондықтан консультация кезінде барлық түсініспеушілік жойылуы керек. Соңғы сөзді қауіпсіздік кеңесі айтады. Бұл алқалы орган. Елбасы төрағалық етеді, сол себепті бәрі ашық түрде шешіледі, - деді министр.

Тағы оқыңыз: Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың Назарбаевқа қатысты жарлығын түсіндірді 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік билік органдары жүйесінде кадрлық саясат саласындағы өкілеттігін кеңейтетін жарлыққа қол қойды.

Оған сәйкес, енді президент министрлер мен әкімдерді қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісіп барып қана тағайындайды. Бұл тізімге сыртқы істер, ішкі істер және қорғаныс министрліктерінің басшылары кірмейді.

Жаңалықтар
0