13:56 13 Қараша 2019
Тікелей эфир
  • USD388.81
  • EUR429.01
  • RUB6.08
Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надальмен және  Новак Джоковичпен кездесті

Надаль мен Джокович Тоқаевқа сыйлық жасады – видео

© Официальный сайт Президента РК /
Саясат
Қысқа сілтеме алу
61 0 0

Еліміздегі теннистің дамуына жоғары баға берген Надаль мен Джокович сапардан алған әсерлерімен де бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичті Ақордада қабылдады.

Қазақстан президенті спортшыларға қайырымдылық матчына қатысатындары үшін ризашылығын білдірді.

"Бұл – қазіргі заманның даңқты теннисшілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Матчтың қайырымдылық мақсатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің астанамызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Касым-Жомарт Токаев встретился со звездами мирового тенниса Рафаэлем Надалем и Новаком Джоковичем
© Официальный сайт Президента РК /
Қасым-Жомарт Тоқаев әлем теннисінің жұлдыздары Рафаэль Надальмен және Новак Джоковичпен кездесті

Еліміздегі теннистің дамуына жоғары баға берген Надаль мен Джокович сапардан алған әсерлерімен де бөлісті.

"Бұл менің Қазақстанға үшінші рет келуім. Әр келген сайын әсем елорданың келбетінен рақат табамын. Дегенмен бұл жолғы сапарым ерекше. Өйткені ғажап Ақордада өзіңізбен кездесуге мүмкіндік алдым",– деп атап өтті Рафаэль Надаль.

Джокович президентке тенниске көрсеткен қолдауы үшін алғысын айтты. Теннисшілер президентке жейде сыйға тартты.

"Біз елдеріңізде теннистің насихатталуына және дамуына өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз",– деді Новак Джокович.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға табыс тілеп, Рафаэль Надальді отбасын құруымен құттықтады.

Тақырып бойынша

"Өте жақсы дамыған": Макгрегор Қазақстан туралы сұраққа жауап берді
Тоқаев Асановты Ақордаға шақырып, татуласу орталықтарын құруды тапсырды
Тоқаев Мұхтар Тайжанмен Ақордада не жайлы сөйлескені белгілі болды
Тоқаев Мамин мен Назарбаеваны Ақордаға шақырды
Кілт сөздер:
Ақорда, теннис, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып