Саясат

Тоқаев Алматыда жүр

© Sputnik / Анатолий Устиненко / Медиабанкке өтуВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жұмыс сапары барысында Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізіп, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне пәтер кілтін табыстайды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен барды.

Мемлекет басшысы "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, "Балалар үйінің" тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етеді, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Тоқаев Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады деп жоспарланып отыр.

"Сонымен қатар, ол Tech Garden инновациялық кластерінің және инвестиция үйінің жұмысымен танысады", - дейді Уәли.

Бұдан бөлек, президент әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.

Тағы оқыңыз: "Шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс": Тоқаев кеңесте маңызды мәселені көтерді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарының екінші күні Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесу өткізеді.

Бұған дейін сыртқы істер министрлігі Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады деп хабарлаған еді. Ол көрші елде Қазақстан мен Қырғызстанның жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің бесінші отырысына қатысады.

Жаңалықтар
0