09:22 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Архивтегі фото

Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы Ресейдің қызғанышына себеп емес

© Sputnik / Тимур Батыршин
Саясат
Қысқа сілтеме алу
174 0 0

Орталық Азия елдері арасындағы сенім форматы қазіргі экономикалық жағдайдан туындаған түбегейлі жаңа тәсіл болып есептеледі  

МӘСКЕУ, 12 қараша – Sputnik. "Валдай" халықаралық пікірталас клубының маманы Александр Ломанов Орталық Азия аймағында өзара түсіністік пен сенімге негізделген өңірлік ынтымақтастықтың мүлдем жаңа мазмұны қалыптасып жатқанына сенімді.

Қытай мен Орталық Азия аймағы елдерінің арасындағы ынтымақтастықты Ресей қауіпті бәсекелестіктің қайнар көзі ретінде қабылдамауы керек. Мұндай пікірді "Валдай" клубының Х Азия конференциясына қатысып жатқан Ресей ғылым академиясының Е. М. Примаков атындағы Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар ұлттық ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Александр Ломанов білдірді.

"Себебі 10-15 жыл бұрын болмаған түсіністік пен сенімге негізделген өңірлік ынтымақтастықтың мүлде жаңа мазмұны қалыптасып жатыр", - деп мәлімдеді Александр Ломанов Sputnik-ке берген сұхбатында.

Бәсекелестік пен ынтымақтастық туралы түсінік өзгереді, өйткені соңғы екі жылда халықаралық сауда тетіктерінің біршама қысқарғаны байқалады, деп атап өтті сарапшы.

"Қытай, тағы басқа елдер ондаған жыл бойы қалыптасқан өндірістік байланыстардың және экспорттық нарыққа қолжетімділіктің бұзылуынан пайда болған проблемаларды бастан өткеріп жатыр. Сондықтан, ескі жүйе құлап жатқанда, Қытай мен Ресей Азияда бәсекелес саналады деп айту қисынсыз. Жұртқа белгілі фактіні еске түсіргім келіп тұр – осы жылдың маусымында Ресей мен Қытайдың басшылары Владимир Путин мен Си Цзиньпинь Ресей-Қытай қатынастарының жаңа дәуірге қадам басқанын мәлімдеді және бұл аса маңызды", - дейді Ломанов.

Валдай клубының сарапшысы атап өткендей, Ресей мен Қытай лидерлері сенім екі жақты ғана емес, сонымен бірге көпжақты да болуы керек екенін айтты.

"Ресей мен Қытай арасындағы ғана емес, сонымен бірге Еуразия елдері мен аймақтың басқа елдері арасындағы өзара сенім экономика, саясат және мәдениет саласында қол жеткізілген барлық жетістікті сақтауға көмектеседі. Қолайсыз сыртқы күш - деглобализациядан, әскери-саяси бәсекелестіктен қорғайды", - деп санайды сарапшы.

Самарқанда "Валдай" халықаралық пікірталас клубының "Орталық Азия және Еуразия: жаһандық дағдарыстың сын-қатерлеріне қарсы көпжақты ынтымақтастық" тақырыбында X Азия конференциясы өтіп жатыр. Оның жұмысына Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Германия, Үндістан, Қырғызстан, Қытай, Тәжікстан, Филиппин, Швеция және Жапониядан 70-тен астам сарапшы қатысуда.  

Кілт сөздер:
Қазақстан, Қытай
Загрузка...

Басты тақырып