08:10 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Қазақстанның орталық сайлау комиссиясы

Қазақстанда сайлау туралы заңды өзгертуге қатысты референдум өткізу ұсынылды

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
102 0 0

Бастамашыл топ өкілдері Н.У. Исқалиев, А.К. Әбдіқалықова, М.Ж. Дәрібеков орталық сайлау комиссиясының қарауына бастамашыл топты тіркеу үшін құжаттар пакетін және референдумға ұсынылған мәселелерді енгізді

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Елімізде саяси партиялар туралы заң мен Қазақстанның сайлау туралы заңнамасын өзгерту мәселелері жөнінде референдум өткізу ұсынылды.

Бастамашыл топ орталық сайлау комиссиясына өтініш берді.

Референдумға ұсынылған мәселелер:

  • «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде партияны мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелерінің санын қырық мың адамнан бір мыңға дейін азайтуға келісесіз бе?»;
  • «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде пропорциялық жүйемен тең мөлшерде бір мандатты округтер бойынша сайлау жүйесін енгізуге келісесіз бе?».

Тағы оқыңыз: Мәжіліс сайлауының тарихы

"Бастамашыл топты тіркеу туралы өтінішпен бірге 62 адамды құрайтын референдум тағайындау туралы мәселе бойынша бастамашыл топты құру туралы жиналысқа қатысқан тұлғалардың тізімі мен деректері көрсетілмеген 2019 жылғы 10 қарашадағы жиналыстың хаттамасы ұсынылды", - деп хабарлады орталық сайлау комиссиясы.

Қазақстан Республикасының орталық сайлау комиссиясы аталған құжаттарды «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң талаптарын сақтауға байланысты заңнамамен белгіленген мерзімде қарайды.

Тақырып бойынша

Тоқаев алдағы сайлауларға қатысты пікір білдірді
Елбасы тұрғанда Қазақстанда билік транзиті аяқталды деп айтуға болмайды – саясаттанушы 
Қазақстан президенттік басқару формасындағы мемлекет болып қала беруі керек - Тоқаев
Айдос Сарым елдегі саяси реформаларға қатысты ұсыныс жасады
"Әкемді танытты": Әміржан Қосанов неге өкінетінін айтты
Кілт сөздер:
партия, сайлау, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып