02:26 07 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Қазақстан мен Ресей тулары

Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары Мәскеуде не талқылады

© Sputnik / Абзал Калиев.
Саясат
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңестері аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қалмұханбет Қасымов және Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Тараптар су қауіпсіздігінің жағдайын және трансшекаралық су ресурстарының экожүйелерін сақтау бойынша шараларды егжей-тегжейлі қарады. Соның ішінде Жайық өзенінің бассейнін сауықтыру туралы бірлескен жұмыс бойынша пікір алмасты", - делінген Ақорда мәліметінде.

Бұдан бөлек, күн тәртібіне әлемде сауда-экономикалық тыйым салу жағдайындағы екі мемлекеттің әскери-техникалық ынтымақтастықты күшейту бағыттары шығарылды.     

Сонымен қатар, Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары әлемдік және өңірлік қауіпсіздік саласындағы қазіргі ахуал мен әріптестік дамудың алдағы бағыттары бойынша пікірлерін білдірді.

Жұмыс нәтижелері бойынша екі елдің тиісті мемлекеттік органдарына нақты тапсырмалар берілді.

Тақырып бойынша

Назарбаевтың неліктен Ресей мен Украинаны татуластырғысы келетіні айтылды
Қарусыздану саласындағы әлемдік келісімдерді бұзу кімге керек?
Қытай азаматтарының Қазақстандағы заңсыз әрекеті әшкере болды
Ресей украиналық әскери кемелерді не үшін қайтарды
Қызылорда облысында майор әйелдің қылмысы видеоға түсіп қалды
Кілт сөздер:
қауіпсіздік кеңесі, Ресей, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып