17:21 15 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD383.95
  • EUR429.26
  • RUB6.16
Тоқаев пен Жээнбеков

Тоқаев Қырғызстанға не үшін барады

© Sputnik / Владислав Воднев
Саясат
Қысқа сілтеме алу
119 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады. Қос елдің басшысы Бішкекте келіссөздер өткізіп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қояды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Сооронбай Жээнбековтың шақыруымен Қырғызстанға мемлекеттік сапармен барады.

2019 жылдың маусымында мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінен кейін алғашқы шетелдік сапарын Қырғызстан астанасы – Бішкекке жасаған болатын. Ол жерде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті өткен еді. Сол кезде Қырғызстан басшысы Жээнбеков Тоқаевты күзде мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қырғыз тарапының мәліметіне сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапар аясында Жеңіс алаңына немесе "Ата-Бейит" мемориалды кешеніне гүл шоқтарын қояды.

Қазақстан мен Қырғызстан президенттері не талқылайды

Мемлекет басшылары шағын және кеңейтілген құрамда стратегиялық әріптестік жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады.

Кездесу нәтижесінде бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Олардың қатарында президенттердің бірлескен декларациясы мен жоғарғы мемлекеттік кеңес шешімі бар.

Бұған қоса, Қазақстан мен Қырғызстан арасында 2020-2022 жылдарға арналған ынтымақтастық жөніндегі кешенді бағдарлама мен басқа да үкіметаралық, ведомствоаралық келісімдер бекітіледі.

Бішкектегі ҰҚШҰ кеңесі

Тоқаев Қырғызстанда екі күн болады. Бейсенбі, 28 қарашада Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді.

Күн тәртібінде Ұйым аясындағы өзекті мәселелер қаралып, ҰҚШҰ-дың биылғы жылғы жұмысы қорытындыланады.

Қырғызстан басшысы қашан соңғы рет Қазақстанда ресми түрде болды

Сооронбай Жээнбеков елімізге ресми сапармен 2017 жылдың желтоқсанында келді. Ол сол кезде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен еді.

Тақырып бойынша

Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығы Ресейдің қызғанышына себеп емес
Досаев ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қатысты мәселеге нүкте қойды
Тоқаев Қырғызстан президентін құттықтады
Қазақ-қырғыз шекарасынан өту жеңілдей түседі
Тоқаев кімнің арқасында Қазақстан халықаралық алаңда лайықты орын алғанын айтты
Кілт сөздер:
Сооронбай Жээнбеков, Қырғызстан, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып