Саясат

Қырғызстан президенті Тоқаевты Бішкек әуежайынан қарсы алды – видео

© Photo : Пресс-секретарь президента Казахстана Берик Уали / Facebook Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға келді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Қырғызстанға барды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.  

"Президентті Бішкектегі "Манас" халықаралық әуежайынан Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков қарсы алды", - деп жазды Уәли фейсбуктегі парақшасында.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған. Сондай-ақ, екі елдің көшбасшылары баспасөз үшін бірлескен мәлімдеме жасайды.

Бұдан бөлек, Тоқаев қырғыз әріптесімен бірге "Ата-бейіт" ұлттық тарихи-мемориалдық кешені мен Шыңғыс Айтматовтың мұражай-үйіне барады.

Ал ертең, 28 қарашада Қазақстан президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға мемлекеттік сапары екі күнге созылады. 

2019 жылдың маусымында мемлекет басшысы ұлықтау рәсімінен кейін алғашқы шетелдік сапарын Қырғызстан астанасы – Бішкекке жасаған болатын. Ол жерде Шанхай ынтымақтастығы ұйымының саммиті өткен еді. Сол кезде Қырғызстан басшысы Жээнбеков Тоқаевты күзде мемлекеттік сапармен келуге шақырған еді. 

Ал Сооронбай Жээнбеков елімізге ресми сапармен 2017 жылдың желтоқсанында келді. Ол сол кезде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен болатын.

Жаңалықтар
0