Саясат

ТМД елдері Сирия мен Ирактағы балаларды бірлесіп қайтармақ

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСириялық босқындар, архивтегі фото
Сириялық босқындар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аружан Саин мен оның ресейлік әріптесі Анна Кузнецова басқа мемлекеттердің омбудсмендерін балаларды "қауырт орындардан" құтқару бастамасына қосылуға шақырды

МӘСКЕУ, 5 желтоқсан – Sputnik. ТМД-ның бірқатар елінің билігі Сирия мен Ирактан балаларды эвакуациялау үшін күш біріктіруге ниетті. Бұл мәселе Мәскеуде Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саинның ресейлік әріптесі Анна Кузнецовамен кездесуі кезінде талқыланды.

"Бүгін Анна Юрьевна екеуміз (РФ президенті жанындағы балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Анна Кузнецова – Sputnik) кездесіп, осы мәселе (балаларды қайтару мәселесі бойынша ТМД елдерімен ынтымақтастық туралы – Sputnik) жайлы пікір алмастық, қазір Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстандағы әріптестерімізбен сөйлесеміз", - деді Саин Sputnik Қазақстан тілшісіне.

13 жасында босанды: Сириядан оралған қазақстандық балалардың ауыр тағдыры - видео 

Ол ТМД елдерімен жұмыс жақын арада басталады деп мәлімдеді.

"Біз күш біріктіріп, балаларды бірге қайтару бойынша жұмыс істегіміз келеді. Барлық бала бір жерде – уақытша баспанада немесе лагерьде. Қазақ балалары туралы мәліметтерді анықтаған кезде, бізде балалар туралы, мысалы, өзбекстандық немесе ресейлік балалар туралы мәліметтер болады, бірақ біз біз оларды Қазақстанға әкете алмаймыз. Ал деректерді жинап, кейбір процестерді жеделдету бойынша бірлесіп жұмыс жасасақ, бұл бізге оңай болады", - деді қазақстандық балалар омбудсмені.

Саин жыл соңына дейін ТМД-ның басқа елдерінің өкілдерімен кездесу жоспарланғанын, ол қашықтықтан қосылу форматында өтуі мүмкін екенін айтты.

"Бұған бәрі мүдделі, ешкім өз балаларын тастап кеткісі келмейді", - деп атап өтті Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл.

Ресей Федерациясы президентінің жанындағы уәкілетті өкілі Анна Кузнецова Сирия мен Ирактағы балаларды іздеу және оларды қайтару, одан әрі оңалту тақырыбы ТМД елдеріндегі балалар құқықтары жөніндегі уәкілдердің басын қосатынын атап өтті.

"Әріптесіммен (Аружан Саинмен – Sputnik) кейбір жүйелік құралдарды табу қажеттілігі туралы сөйлестік, өйткені көптеген мемлекет бұл мәселені шешуге мүдделі. Бұл уәкілетті мүдделі құрылымдардың қатысуымен уақытша жұмыс тобы болуы мүмкін. Біз осы тақырыпта кездесуге және қажетті шешім қабылдау үшін уәкілетті ведомстволарды, сондай-ақ осы тақырыпқа мүдделі ТМД-ның басқа елдеріндегі әріптестерімізді шақыруға келістік", - деді Анна Кузнецова "Россия сегодня" ХАА-да өткен баспасөз конференциясында.  

Жаңалықтар
0