Саясат

Желіде Тоқаевтың көмекшісі түсірген видео жарияланды

© Sputnik / Асатур ЕсаянцКасым-Жомарт Токаев в Армении на ВЕЭС
Касым-Жомарт Токаев в Армении на ВЕЭС - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 желтоқсан – Sputnik. Германияға екі күндік ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеоны президенттің көмекшісі Аида Балаева өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың ғимараттан шығып, жылдам жүріп келе жатқанын көруге болады. Мемлекет басшысы қара Mercedes-Maybach маркалы көлікке отырып кетеді. Ал кортеждің басында мотоцикл мінген жеті полицей жүреді. 

View this post on Instagram

A post shared by SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz) on

Бірақ желі қолданушылары тағы бір нәрсені байқап қалды. Президенттің кортежі тұрса да, көшедегі халық емін-еркін жүр. Ал бір велосипедші тура Тоқаев отырған көліктің жолын кесіп, өтіп кетеді. "Велосипедші адасып жүр ғой", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, кеше, 5 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германиядағы ресми сапары басталған болатын. Қазақстан президентін Германия канцлері Ангела Меркель қарсы алды

Жаңалықтар
0