18:03 24 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD377.86
  • EUR418.74
  • RUB6.10
Саясат
Қысқа сілтеме алу
311 0 0

Мемлекет басшысы шенеуніктер халықтың бір бөлігі екенін, халық арасында жүріп, солар үшін қызмет ететінін еске салды

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біліксіз және жүгенсіз шенеуніктерге мемлекеттік қызметте орын жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мемлекет басшысы шенеуніктер халықтың бір бөлігі екенін, халық арасында жүріп, солар үшін қызмет ететінін еске салды.

Президенттің айтуынша, халық үніне құлақ асатын мемлекет бюрократиядан ада, барлық процедура цифрландыру негізінде ашық жүргізілетін мемлекет екенін атап өтті.

"Мемлекеттік билік жүйесіне басқарушылардың жаңа толқынын тарту қажет. Алғашқы қадам жасалды. Президенттік жастар кадрлық резерві құрылды", - деді Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградаларды табыстау салтанатында.

Қазақстан президенті халықты тыңдайтын мемлекетте әр азамат өзін қауіпсіздікте екенін сезініп, шенеуніктердің біліксіздігі мен жүгенсіздігінен қорғалуы тиіс екенін қадап айтты.

"Мұндай шенеуніктерден біз үзілді-кесілді бас тартамыз, құтыламыз", - деп сендірді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетсек, Ақордада мемлекет басшысы Тәуелсіздік күні қарсаңында елге еңбегі сіңген бірқатар азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады.

Бұдан бөлек, президент азаматтар мен мемлекет институттары арасындағы қарама-қайшылықтар ушығып тұрғанына баса назар аударды.

Тағы оқыңыз: "Біздің борышымыз": Тоқаев Назарбаевтың еңбегін құрметтеуге шақырды

"Күллі әлем жұртшылығы тұрмыс сапасын жақсартуды, тең мүмкіндіктер беруді және мемлекеттің ашықтығын талап етуде. Қазақстан – осы әлемнің бір бөлігі. Сондықтан бұл мәселелердің біздің елімізге де қатысы бар. Осындай жағдайда жалған ұрандарға сенген елдің береке-бірліктен айырылғанына куә болып отырмыз. Осы себептен жағымсыз әрекеттерге дер кезінде назар аударып, халық мүддесіне сай саясат жүргізу өте маңызды", - деді Тоқаев.

Тақырып бойынша

Қазақстанда мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды
Қазақстанда қанша адамның азаматтығы жоқ екені белгілі болды
Оралман ба, әлде қандас па - министр өзіне қай сөз жақын екенін айтты
Тоқаев Роза Рымбаеваға құрметті атақ берді
Ресей Қазақстанға қанша гектар жерді қайтарады – сенат заң қабылдады
Кілт сөздер:
қызметкерлер, шенеуніктер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып