12:02 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Саясат
Қысқа сілтеме алу
518420

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесіне орай бірқатар мемлекеттен құттықтаулар келіп түсіп жатыр. Олардың арасында АҚШ, Үндістан, Испания, Сингапур және Австрия бар

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Америка Құрама штаттарының президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.

"Берік серіктестігіміздің арқасында соңғы 12 ай ішіндегі қол жеткізген жарқын жетістіктерімізді зор қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты етті", – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде Тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтіп отырғанын айтып, жаңа жылдың табысты болуына тілектестік білдірген.

Встреча Касым-Жомарта Токаева с президентом США Дональдом Трампом
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамптың кездесуі

"Америка құрама штаттары сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарқын әрі табысты болады деп сенемін", – делінген АҚШ президентінің құттықтауында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының атына Үндістан президенті Рам Нат Ковинд та өз құттықтауын жолдады. Ол мемлекеттер арасындағы өзара байланыстардың тарихи арқауы берік екенін атап өтіп, Қазақстанның өсіп-өркендей беруіне ниеттестік танытқан.

"Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Екі ел арасындағы көпжақты және екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестікке ұласты. Ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", – делінген құттықтау хатта.

Тағы оқыңыз: CІМ Трамптың Қазақстан туралы айтқан сөзіне жауап берді

Испания королі Фелипе, Сингапур республикасының президенті Халима Якоб, Австрия президенті Александр Ван дер Беллен, Австралия одағының генерал-губернаторы Дэвид Херли де қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. 

Тақырып бойынша

Әйелін шақырған: Трамптың біртүрлі әрекеті желіде қызу талқыға түсті – видео
Трамп екі айдан кейін Назарбаевтың отставкасына қатысты пікір білдірді
"Маған бәрібір". Трамптың әйелі киген киімі үшін жұрттың сөзіне қалды
Трамптың әйелі жұрттың алдында ыңғайсыз жағдайға қалды – видео
"Тіл табысқым келеді": Трамп Путин және Си Цзиньпинмен кездесетінін айтты
Кілт сөздер:
жеделхат, Дональд Трамп, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып