14:03 20 Қаңтар 2020
Тікелей эфир
  • USD376.51
  • EUR418.91
  • RUB6.13
Саясат
Қысқа сілтеме алу
57 0 0

Шет мемлекет басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан — Sputnik. Президенттің атына Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мемлекет басшыларынан құттықтау хаттар түсіп жатыр, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Путиннің құттықтау жеделхаты

"Сіздің еліңіздің әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да салалардағы жетістіктері жалпыға мәлім. Қазақстанның әлемдік аренада беделі биік, аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде сындарлы рөл атқарады", – деді Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин өз құттықтауында.

Ол қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас стратегиялық әріптестік және одақтастық рухында жылдам дамып келетінін атап өтті.

"Әртүрлі бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастық, сондай-ақ Еуразиялық интеграциялық процестер аясындағы үйлестіру шаралары да оң нәтижесін беруде", - делінген Ресей президентінің жеделхатында.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.

Си Цзиньпин Қазақстанға өсіп-өркендеу тіледі

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин де Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай құттықтау жолдады.

"Мен қытай-қазақ қарым-қатынасының дамуына үлкен мән беремін. "Бір белдеу, бір жол" жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін елдеріміз бен халқымыздың игілігі жолында зор табыстарға өзіңізбен бірлесіп жетуге дайынмын", - деп жазған құттықтау хатында.

Тағы оқыңыз: Әнші, жазушы және шопан: Тоқаев Ақордада кімдерді марапаттады

Си Цзиньпин құттықтау соңында Қазақстан халқына өсіп-өркендеу тіледі.

Тоқаевты тағы кім құттықтады

Ұлыбритания королевасы Елизавета ІІ Қазақстан президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Бұған қоса, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина, Корея Республикасы мен басқа мемлекет басшылары құттықтау хаттар жолдады.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздік күні отшашуды қайдан тамашалауға болады

Тақырып бойынша

Мереке күндері Нұр-Сұлтаннан қосымша пойыздар жолға шығады  
Назарбаев қол қойған тарихи құжаттар жарияланды
Нұр-Сұлтанда мерекелік демалыс күндері қайда баруға болады?
Димаш Тоқаев пен Назарбаевтың алдында ән шырқады – видео  
Қазақстанда 15 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады
Кілт сөздер:
құттықтау, Тәуелсіздік күні, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып