13:35 29 Мамыр 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR454.18
  • RUB5.81
Саясат
Қысқа сілтеме алу
246630

9 желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толған болатын. Оның соңғы атқарған қызметі - Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды", - деп жазылған жарлықта.

Еске сала кетсек, 9 желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толған болатын.

"Мемлекеттік қызмет туралы" заңға сәйкес, президент мемлекеттік қызметшінің жұмыс мерзімін бес жылға дейін ұзарта алады. Алайда бұл жолы олай болмады.   

Иманғали Тасмағамбетовтің еңбек жолы 

1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған. 

Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ең алғашқы көмекшілерінің бірі. Ол 1993 жылдан 1995 жылдар аралығында президент көмекшісі, 1998-1999 жылдары президенттің бірінші көмекшісі болды. 

Өзінің саяси мансабында Білім және ғылым министрі, Қорғаныс министрі, Президент әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы, үш рет әкім және төрт рет әртүрлі премьер-министрлердің орынбасары, бір рет премьер-министр қызметін атқарды. Соңғы атқарған қызметі – Қазақстанның Ресей федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.

Тақырып бойынша

Тоқаев желіде Тасмағамбетов, Мәсімов, Сағынтаевпен бірге түскен суретін жариялады
Мұғалім, премьер, елші: Иманғали Тасмағамбетов туралы не білеміз?
Иманғали Тасмағамбетов неліктен президент бола алмайды – саясаттанушы пікірі
Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты - видео
Кілт сөздер:
зейнет жасы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Иманғали Тасмағамбетов
Загрузка...

Басты тақырып