21:20 07 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD417.87
  • EUR495.59
  • RUB5.70
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1120 0 0

Бүгін Ақордада кадрлық ауыс-түйістер болып жатыр. Президенттің жарлығымен Дархан Кәлетаев қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды", - делінген мәліметте.

Дархан Кәлетаев туралы не білеміз?

1972 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Приозерное ауылында туған.

1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1997 жылы Қазақстан Республикасы президенті жанындағы мемлекеттік басқарудың ұлттық жоғары мектебін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 1995 жылы министрлер кабинеті жанындағы тіл комитетінің бірінші санаттағы маманы, жетекші маманы болып бастаған. Әр жылдары президенті әкімшілігі басшысының орынбасары, "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры, сенат депутаты, дін істері және азаматтық қоғам министрі, қоғамдық даму министрі, премьер-министрі кеңсесінің басшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылғы 25 наурызда мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Тақырып бойынша

Дархан Кәлетаев Дін істері және азаматтық қоғам министрі болды
Қоғамдық даму министрі тағайындалды
Үкімет кеңсесін бір айдай басқарған Кәлетаев басқа қызметке ауысты
Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Кәлетаевтың орнына келді
Кілт сөздер:
Ақорда, қызметінен кетті, Дархан Кәлетаев
Загрузка...

Басты тақырып