Саясат

Мемлекет басшысы Қазақстан - Ресей қатынасының даму қарқынына оң баға берді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы және даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан - Ресей қатынасының даму қарқынына оң баға берді - Sputnik Қазақстан
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың даму қарқынына оң баға беріп, ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша, атап айтқанда сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларда ілгерілеу байқалатынын атап өтті.

Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ елшіліктің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев 9 айда қанша уақытын жолда өткізді

Жаңалықтар
0