22:41 07 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD439.01
  • EUR474.61
  • RUB5.75
Саясат
Қысқа сілтеме алу
238 0 0

Бүгін Ақордада өткен жиында 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды.

"Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды", - делінген ақпаратта. 

Сондай-ақ, аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді. 

Тақырып бойынша

Тышқан жылы: 2020 жылы болатын маңызды оқиғалар
Тоқаев қазақстандықтарды алғаш рет Жаңа жылмен құттықтады
Тоқаев: Жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейтетін болдық – видео
Тоқаевтың 2020 жылдағы алғашқы жарлығы: Қазақстанда жаңа қала пайда болды
Қазақстанда 1 қаңтардан бастап кімдер салық төлемейді?
Кілт сөздер:
президент әкімшілігі, жаңа жыл, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып