Саясат

Тоқаев құрған кадрлық резерв: биыл 100 жас лауазымды қызметке тағайындалады

© Sputnik / Абзал КалиевПредставители президентского молодежного кадрового резерва на встрече с Касым-Жомартом Токаевым в Акорде
Представители президентского молодежного кадрового резерва на встрече с Касым-Жомартом Токаевым в Акорде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жастар мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жіберілетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Осы жылы президенттік жастар кадрлық резервіне енген 100 адамды жаңа қызметке тағайындау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазірдің өзінде резервке өткен 55 азамат жаңа қызметке бекітілді. Құттықтаймын! Бұл ауқымды жұмыстың басталуы ғана. Биыл резервтегі 100 адамды қызметке тағайындауды жоспарлап отырмыз", - деді Тоқаев Ақордада кадрлық резервпен өткен кездесу барысында.

Президент нақтылағандай, жастар мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға жауапты қызметке жіберіледі. Тоқаев алдағы жылдары кадрлық резервтің әлеуеті толық пайдаланылатынын тілге тиек етті. 

"Әрине, араларыңыздан бизнес саласында зор жетістікке жеткендер шығып жатса құба-құп болар еді. Осы ретте ел дамуына пайдасы тиетін бастамаларды қолға алған жөн. Бірақ біздің мақсатымыз сіздерді тек лауазымды қызметке тағайындау деп ойламаңыздар. Бұл елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру", - деді президент.

"Мұны бәріміз де білеміз": Тоқаев кейбір басшыларды шегірткеге теңеді

Айта кетсек, бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервімен кездесті.

Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам еніп отыр.

Кадрлық резервтің мақсаты – білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік сатының ұтымды жүйесін құру. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдар босай қалған жағдайда, президенттік резервке іріктелген жастардың кандидатурасы қаралады.

Жаңалықтар
0