05:18 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Саясат
Қысқа сілтеме алу
1884 0 0

Мемлекет басшысы Болат Бақауовты қызметінен босатып, өңірдің жаңа басшысын тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Павлодар облысының жаңа әкімін таныстырды. Бұл қызметті Әбілқайыр Сқақов атқаратын болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалсын", - деп жазылған Тоқавтың жарлығында.

Келесі жарлыққа сәйкес, Болат Бақауов қызметінен босатылды.

Жаңа әкім туралы не білеміз 

Әбілқайыр Сқақов 1974 жылы 9 шілдеде Павлодар облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ақмола қаржы-экономикалық техникумын "қаржы" мамандығы бойынша тәмамдады. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде "экономика және қаржы" мамандығы бойынша оқыды. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынас институтын "құқықтану"мамандығы бойынша және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін "іскерлік басқару магистрі" мамандығы бойынша тәмамдады.

Аким Павлодарской области Абылкаир Скаков
Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов

1995-2006 жылдарда Павлодар облысының салық комитеті жүйесінде қызмет етті. Астанадағы мемлекеттік кірістер департаментін басқарды. Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды. 

2019 жылдың сәуір айынан бастап Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитетінің төрағасы болған.

Тағы оқыңыз: Павлодар әкімдігі қаланың атауын өзгертуге қатысты мәлімдеме жасады

Айта кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 15 қаңтарда өңірдің бұрынғы басшысы Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген болатын. Оған лауазымдық уәкілеттіліктерін асыра пайдаланды деген айып тағылды, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

 

Тақырып бойынша

"Павлодар облысының әкімі ұсталды": әкімдік WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты
Павлодар облысының әкімі Бақауовтың қайда екені белгілі болды - видео
Павлодарлықтардың орташа жалақысы қанша – әкімнің жауабы
ҰҚК әкім Болат Бақауовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді
"Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді
Кілт сөздер:
тағайындау, павлодар облысының әкімі
Загрузка...

Басты тақырып