07:55 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Саясат
Қысқа сілтеме алу
951 0 0

Елбасы Қауіпсіздік кеңесі еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Қауіпсіздік кеңесі – елдің ішінде де, одан тысқары да қауіпсіздік мәселелерін талдайтын және қарауға ұсынатын өте маңызды мемлекеттік орган. Оның құзырына құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет елдермен қарым-қатынас және елдің қорғаныс қабілеті сияқты мәселелер кіреді", - деді Қазақстанның тұңғыш президенті.

Сонымен бірге, Елбасының айтуынша, құқық қорғау жүйесінің реформасына көңіл бөліп, соңына дейін жеткізу маңызды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Исекешевті басқа жұмысқа ауыстырды

Ал Әсет Исекешев елдегі қазіргі жағдай туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Тақырып бойынша

Тоқаев Елбасы қызметінен босатқан Мұхтаровқа жаңа қызмет ұсынды
"Экономикадағы ахуал жаман емес": Назарбаев премьер-министрді қабылдады
Назарбаев Nur Otan партиясы үшін маңызды шешім қабылдады
Ердоған Назарбаевқа телефон соқты
Абайдың 175 жылдығы: Тоқаев пен Назарбаев ресми шараға бірге келді     
Кілт сөздер:
Назарбаев, Исекешев
Загрузка...

Басты тақырып