11:43 28 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD379.75
  • EUR415.18
  • RUB5.78
Саясат
Қысқа сілтеме алу
974311

Президент зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат берудегі басты мақсат халықты "шынайы" жалақысын ашық көрсетуге ынталандыру екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы салымдарын баспана алуға, өзге қажеттіліктерге пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын айтты.

"Біздің мақсатымыз барлық жинақты таратып, қартайған шағында азаматтарды зейнетақыдан айыру емес. Ең алдымен, халықты "шынайы" жалақысын ашық көрсетуге ынталандыру керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы зейнетақы жинағын баспана алуға, емделуге пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын. Осыдан кейін үкімет жанынан жұмыс тобы құрылып, зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ұсыныстар әзірледі. Есеп-қисап жасалды. Әрбір қазақстандықтың есепшотында қанша ақша бары, азаматтардың орташа өмір сүру жасы, бұған қоса, зейнетке шыққаннан кейін ол адамның шамамен қанша жыл өмір сүретіні ескерілген.

Оқи отырыңыз: Министр зейнетақы жинағындағы ақша қандай сомадан бастап берілетінін айтты 

"Біз қажетті есеп-қисапты жасап шықтық. Қазақстандықтар зейнетке шыққаннан кейін шамамен 19-25 жыл өмір сүреді. Сондықтан біз әрбір адамның есепшотындағы қаржы зейнет жасына жете ме, жоқ па, осыны ескеруіміз керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезде салымшылардың жартысының жинақ сомасы 1 миллион теңгеге жетпейді. Ал қажетті сома, шамамен, 10-12 миллион теңге болуы тиіс. Ондай азаматтардың саны – 102 мың адам", - деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев. 

Тақырып бойынша

Қазақстандықтарға зейнетақы шотындағы ақша жақын арада берілмейді – себебі неде
Тоқаевтың тапсырмасы орындалған жоқ – президенттің кеңесшісі
Қазақстанда 102 мың адамға зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат етілуі мүмкін
"Мәмілеге келдік": Тоқаевтың кеңесшісі желідегі жазбасынан кейін не болғанын айтты
Зейнетақы жинағындағы ақшаны ерте алудың жолдары айтылды
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, зейнетақы
Загрузка...

Басты тақырып