Саясат

Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды - видео

© Photo : Берік Уәлидің Facebook парақшасынан алындыТоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды
Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісімен кездеседі

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен келді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады. 

"Бүгін Қазақстан президенті Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездеседі. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық мәселесі кең ауқымда талқыланады", - деп жазды Уәли.

Сапар барысында БАӘ іскерлік топтарының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізу жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қаңтарда Дубайда Біріккен Араб Әмірліктерінің вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездеседі, сондай-ақ, Дубай Халықаралық қаржы орталығына (DIFC) барады. Сонымен қатар Біріккен Араб Әмірліктері компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Тағы оқыңыз: Қытай коронавирусының таралуына қатысты Тоқаев мәлімдеме жасады

 

Жаңалықтар
0