16:55 24 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD375.87
  • EUR406.24
  • RUB5.84
Саясат
Қысқа сілтеме алу
5177 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық еріктілермен бірлесіп жұмыс істеу өзі үшін зор мәртебе екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz республикалық фронт-офисінің ашылуында Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Еріктілік – бұл жан толғанысы. Еріктілер – өз еркімен келгендер. Бүгін Қазақстандағы еріктілер қозғалысының құрметті елшісі болуға келісім бердім. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежем бар, алайда еріктілер қозғалысының құрметті елшісі мәртебесінің маңызы одан кем емес. Бұл мен үшін зор құрмет. Сондықтан біз бірге жұмыс істейміз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтан қаласында мемлекет басшысының қатысуымен Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-офисі ашылды. Birgemiz фронт-офисі "ЭКСПО" аумағындағы ArtHUB павильонында орналасқан. Бұл – консультациялық, әдістемелік, білім беретін, ақпараттық орталық. Фронт-офис қызметкерлері Қазақстан бойынша еріктілердің жобаларын үйлестіреді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жобалар жастар ресурстық орталықтарының мамандары, азаматтық орталықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері арасынан шыққан аймақтық үйлестірушілер арқылы іске қосылады.

Оқи отырыңыз: Бір миллион теңге ұтып алуға болады - Қазақстанда байқау жарияланады

Сонымен қатар, фронт-офис базасында халыққа еріктілік мәселелері бойынша кеңес беретін бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Call-орталығының бүкіл республика бойынша жұмыс істейтін бірыңғай тегін нөмірі болады.

Сондай-ақ аймақтық жаттықтырушыларды даярлау және оқыту семинарларын өткізу жоспарланған.

Мұның бәрі, жоба бастамашыларының пікірінше, жобаларды іске асыруға қоғамды, еріктілер ұйымдарын және мемлекеттік органдарды кеңінен тартуға мүмкіндік береді және қорытынды нәтижелер үшін жауапкершілік сезімін арттырады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 2020 жылды еріктілер жылы деп жариялады.  

Тақырып бойынша

Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев пен Жээнбеков не жайлы сөйлесті?
Қордайдағы оқиға: Тоқаев премьер мен бас прокурорды Ақордаға шақырды
Депутаттар вице-премьерден Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалғанын сұрады
Тоқаев Қордайдағы қақтығыс кімнің кесірінен болғанын айтты
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Тоқаев армияны бәсекеге қабілетті қару-жарақпен жабдықтауды тапсырды
Кілт сөздер:
еріктілер, елші, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып