15:24 29 Ақпан 2020
Тікелей эфир
  • USD381.10
  • EUR420.81
  • RUB5.65
Саясат
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

2019 жылдың қаңтарында "Жусан" гуманитарлық операциясын жүзеге асыру кезінде Кувейттің әскери-әуе базасы пайдаланылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің премьер-министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мюнхендегі жұмыс сапарының екінші күні Кувейттің премьер-министрі шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабахпен кездесуден басталды.

Мемлекет басшысы екі елдің мемлекетаралық байланыстарының достық сипатын және оның қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, екіжақты және көпжақты форматтағы өзара ынтымақтастықты нығайту үшін әлеуеттің жеткілікті екеніне назар аударды.

"Біз Ислам ынтымақтастығы ұйымы аясында сенімді серіктеспіз. Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі штаб-пәтері ашылды. Бұл да біздің өзара ықпалдастығымызға тың серпін береді", – деді мемлекет басшысы.   

Тоқаев 2019 жылдың қаңтарында "Жусан" гуманитарлық операциясын жүзеге асыру кезінде әскери-әуе базасын пайдалану мәселесін шешуге көмектескені үшін Кувейт үкіметіне ризашылық білдірді. 

Сонымен қатар Қазақстан президенті екі елдің экономикалық ықпалдастығының, соның ішінде құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаржы, инвестиция және туризм салаларының әлеуеті зор екенін атап өтті.

Кувейттің премьер-министрі Қазақстанмен байланыстарды нығайтудың перспективасына жоғары баға берді.

Шейх Сабах Халид әл-Хамад ас-Сабах екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның алдында маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев шейхті Қазақстанға шақырды. 

"Жусан" операциясы

Қазақстан Сирия мен Ирактан қазақстандықтарды қайтару бойынша "Жусан" гуманитарлық операциясын жүзеге асырды. 

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша 2019 жылы елге 277 ересек адам мен 547 бала қайтарылды. 

Тақырып бойынша

Тоқаев Қордайдағы оқиғаға байланысты басшыларды Ақордаға шақырды
Тоқаев Асқар Мырзахметовті қызметінен босатты
Тоқаев тәртіпсіздіктер жайлы: Олар патриоттар емес, қылмыскерлер
Қордайдағы қақтығыс: Тоқаев маңызды тапсырма берді
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып