Саясат

Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаВстреча Токаева с президентом Афганистана
Встреча Токаева с президентом Афганистана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев Ашраф Ғаниге жуырда Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымы бекітілетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті, деп хабарлады Ақорда. 

Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны нығайтудың перспективасын талқылады. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Ауғанстанды еліміздің сенімді серіктесі әрі тату көршісі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниға жақын арада Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымы бекітілетінін айтты.

Ауғанстан президенті екіжақты ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалап, Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты.

Қазақстан мен Ауғанстан ынтымақтастығы

Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылдың 12 ақпанынан басталды. 

Қазақстан екіжақты және көпжақты келісімдер аясында Ауғанстанға техникалық және гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. 

 

Сыртқы істер министрлігі бұған дейін Қазақстанның Ауғанстанға 80 миллион доллардан астам қаржыға көмек көрсеткенін хабарлаған еді. 

Жаңалықтар
0