Саясат

Назарбаев тағы бір маңызды жиын өткізеді

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Елбасы Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан – Sputnik. 5 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді.

"Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын шақыру туралы қаулыға қол қойды", - деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Айта кетсек, 18 наурызда Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда партияның 2020 жылға арналған негізгі міндеттері талқыланады.

Тағы оқыңыз: Назарбаев Мамин мен Досаевты неге шақырып алды?

Бұған дейін Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын. Тұңғыш президентке партия активінің сапалық құрамын жақсарту бойынша жұмыс пен саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық туралы есеп берілді.

Жаңалықтар
0