05:09 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Саясат
Қысқа сілтеме алу
727112

Сенат төрағасы ЕАОЭ аясында атқарылған жұмыстарға қарамастан, кедергілер мен тосқауылдар азаймағанын, қайта көбейе түскенін атап өтті  

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Қазақстан бизнесі Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда жасау кезінде негізсіз шектеулерге тап болып жатыр. Бұл туралы парламент сенатының басшысы Дариға Назарбаева Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесуінде айтты.

Назарбаева бүгінгі таңда ЕАОЭ-ның ішкі нарығы аясындағы кедергілерді жою үшін жоспарлы түрде ілгерілеу керектігін атап өтті.

"Атқарылған жұмыстарға қарамастан, кедергілер мен тосқауылдар азайған жоқ, қайта көбейе түсуде. Бүгінде келісілген кедергілер тізілімі 66 тармақтан тұрады. Кезінде бұл тізілім 60-тан басталатын. Бұл көрсеткішті азайтудың орнына, біз жыл санап жаңа кедергілер жасап немесе бұрынғыларды жоя алмай, санын көбейтіп отырмыз", - деді ол.

"Бұл қалай болғаны?": Дариға Назарбаева үкіметтің жұмысын сынға алды

Қазақстан тауарларын Ресей нарығына жеткізудегі кедергілер, қазақстандық бірқатар тауар өнімі транзитіне тыйым немесе шектеу қою,  электронды декларациялау қағидатының сақталмауы, белгілі бір тауарларды жеткізуде түрлі талап қою арқылы кедергілерді техникалық реттеумен бүркемелеу мәселесі отандық бизнестің алдындағы негізгі қиындықтардың бірі ретінде аталды, деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.  

ЕАЭК алқасының төрағасы еліміздегі Армениядан әкелінген авкөліктер мәселесін қозғады.

"Бұл жерде рәсімдер дұрыс сақталмаған деп ойлаймын. Жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы автокөлік тасымалдауы бойынша Армения жеңілдік тәртібіне ие болған еді. 1 қаңтардан бастап ол жеңілдік жойылды. Бірақ шекара аймағында немесе жолда жетпей қалған автокөліктер бар", - деді ол.

Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақ аясында қол қойылған 25-ке жуық келісім мен шарттар бүгінгі күнге дейін ратификацияланбай отырғанына назар аударды. Сонымен қатар алқа басшысы экономикалық дауларды шешу үшін ЕАЭК-ның сотқа жүгіну құқығының болуы керектігін және ЕАЭК арбитражын құру қажеттігін атап өтті.

Д.Назарбаева аталған бастамаға қолдау білдірді және шешімдерді қабылдау рәсімі тым бюрократияланғанын, оның ұзақ уақытқа созылатынын айтты.

Сенат төрағасы сондай-ақ қазақстандық ауыр жүк көліктерін жүргізушілердің Ресей-Беларусь шекарасындағы проблемаларына ерекше тоқталды.

"Одақтық мемлекеттердің іс-қимылы бойынша бұл шекарада халықаралық тексеру бекетінің болмауына байланысты шекарадан тек Ресей және Беларусь елінің азаматтары ғана өте алады. Бүгінгі күні қазақстандық жүргізушілерге шекарадан өтуге уақытша рұқсат бар, дегенмен оның өзі реттелмеген түрде", - деді Назарбаева.

 

Тақырып бойынша

"12 сиыр ұстаймын": директорлар Дариға Назарбаеваға шағымданды
"Бұдан жағдай жақсармайды": Дариға Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
Назарбаева сенаттың ұсынысына атүсті қараған үкіметтегі шенеуніктерді сынады  
Назарбаева "Күнделіктің" жұмысын кімдер шектеп отырғанын айтты
"Бақылау жоқ": Назарбаева Нұр-Сұлтанда болған оқиға туралы айтты
Дариға Назарбаева сенат отырысын маңызды мәлімдемемен ашты
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып