19:55 05 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Саясат
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Ресейдің бұл бағыттағы ұстанымын Қытай, Иран, Сирия, Куба, Беларусь, Никарагуа сияқты елдер де қолдаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Ресей АҚШ-тың шетелдік дипломаттарға виза беру ісін күрделендіріп, ұдайы бас тарту әрекетіне байланысты жағдайды реттеу үшін БҰҰ-дан төрелік (арбитраждық процедура) сұрады, деп хабарлайды дипломатиялық дереккөзге сүйенген РИА Новости.

Сейсенбі БҰҰ-ның комитет отырысында ресейлік тарап тағы да осы мәселені көтерген.

"Бұл мәселені Ресей ғана емес, БҰҰ-ға мүше басқа мемлекеттер де көтеріп, жағдайды реттеу үшін жұмысты бастауды талап етті", - деді агенттіктің дереккөзі.

Өз кезегінде БҰҰ өкілі бұл ақпаратты Бас хатшы Антони Гутеррешке жіберуге уәде берді.

Дереккөзге сүйенсек, Ресей ұстанымын Қытай, Иран, Сирия, Куба, Беларусь, Никарагуа қолдаған.

"Біз Бас хатшы тиісті шешім қабылдап, арбитраждық процедураны бастайды деп үміттенеміз", - деді ол.

Виза берудегі қиындықтар

Желтоқсан айында БҰҰ-ның Бас ассамблеясы АҚШ-ты БҰҰ-ның іс-шараларына қатысуға баратын делегаттарға тез арада виза беруге шақыратын қарар қабылдады. Құжатқа сәйкес, егер виза беруге қатысты мәселелер белгіленген уақытта шешілмесе, тиісті шаралар қолға алынады. Яғни, БҰҰ мен АҚШ арасындағы дау арбитраж арқылы шешіледі деген сөз.

2014 жылы Қырым мен Донбастағы жағдайдан кейін екіжақты қатынастар күрт нашарлап, ресейліктерге АҚШ-тағы халықаралық іс-шараларға қатысу үшін виза беру мәселесі күрделене түсті.

2017 жылы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдік, бас консулдық пен АҚШ-тағы елшілікке іссапармен жіберілген ресейлік дипломаттар қиындықтарға тап болды. Одан кейін де Нью-Йорктегі БҰҰ Хатшылығына жіберілген ресейлік өкілдер бірқатар кедергіге ұшырады. Ал 2019 жылы БҰҰ Бас ассамблеясының пленарлық отырысы мен оның комитеттерінің жұмысына қатысуға ниет білдіргендердің көпшілігіне виза берілмеді.

Загрузка...

Басты тақырып