16:20 07 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
274401

Дмитрий Медведев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің басшысымен кездесіп, Назарбаев кітапханасында естелік жазба қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 6 наурыз — Sputnik. Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ішкі жіне сыртқы мәселелер бойынша Ресеймен өзара әрекет етуді жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведевпен кездесуде айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Сізді жаңа қызметіңізде көргеніме қуаныштымын. Әріптестер, ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша бірлесе әрекет етуді жалғастыруға дайынмын", - деді Назарбаев.

Кездесуге Ресейдің қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Рашид Нургалиев және Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин қатысты.

Кездесу Қазақстанның тұңғыш президенті кітапханасында - Назарбаев орталығында өтті. Ресми бөлімнен кейін Назарбаев Медведевпен бірге кітапхананы аралады. Медведев құрметті қонақтарға арналған кітапта жазба қалдырды. 

Тағы оқыңыз: Назарбаев қазақ халқының қанша жылдық тарихы бар екенін айтты

"Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - мемлекетінің дамуына бар күшін салған заманауи Қазақстанның көшбасшысы. Қазақстан-Ресей достық қарым-қатынасын нығайту жолында бірлесе жұмыс істеп жатқанымыз үшін бақыттымын", - деп жазды ресейлік мейман.

 

 

Тақырып бойынша

Назарбаев алғаш рет ел алдына ордендерімен шықты – фото
"Жерді ешкімге де бермейміз": Назарбаева қазақстандықтардың басты жауын атады
Димаш ресейлік бағдарламада Назарбаев туралы әзілдеді – видео
"Мен оларды аяймын": Назарбаев шетелде жүрген сатқындарға мінездеме берді 
Дариға Назарбаева реформаның салдары неге әкеп соққанын айтты
Кілт сөздер:
Дмитрий Медведев, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып