14:18 07 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
7824 0 0

Сұхбаттастар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия дағдарысын реттеу бойынша пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.   

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесудің кестесін талқылады.

Әңгіме соңында тараптар биыл Қазақстан-Ресей саяси байланыстарының нығая түскенін атап өтті.

Медведевтің Қазақстанға сапары

Еске сала кетейік, жұма күні Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанға бір күндік сапармен келді. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін талқылады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Медведевпен не туралы сөйлесті?  

Назарбаев Ресеймен ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Дмитрий Медведев Назарбаев кітапханасына естелік жазба қалдырды.

Тоқаевпен кездесуде Медведев Ресейдің Қазақстандағы саяси процестерге қызығушылық танытып жатқанын атап өтті.    

"Біздің елдеріміз қазір дамып жатыр, өз дамуының өте маңызды кезеңінде тұр десе болады. Сіз біздің елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып өттіңіз. Сіздің елде үлкен процестер жүріп жатыр. Біз де оларды бақылап, зерделеп жатырмыз", - деді Медведев.

Ал президент Тоқаев Қазақстан Ресей конституциясына өзгерістер енгізу процесін ерекше назарда ұстап отырғанын айтты.

Сонымен қатар, Медведев коронавирустың кесірінен туындаған экономикалық мәселелерді шешудің бірлескен шараларын талқылауды ұсынды.

Тақырып бойынша

Коронавирус қаупі: Қазақстан мен Ресей бірлескен шараны талқылауға дайын
Назарбаев Путиннің қандай қасиеті таңғалдырғанын айтты
"Путиннің дәуірін" қорытындылауға ерте": Назарбаевтың Ресей басшысы жайлы сұқбаты
Назарбаев Путинмен қалай дауласқанын айтты
Дмитрий Медведев Қазақстанға не үшін келді   
Нұр-Сұлтанда Медведев пен Тоқаев кездесті
Кілт сөздер:
Сирия, Владимир Путин, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып