Саясат

Назарбаев Мәскеуге барды – фото

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болады, деп ақпарат берді баспасөз хатшысы Айдос Үкібай

НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеуге барды. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

"Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі, сонымен қатар Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде болады", - деп жазды Үкібай.

​Соңғы бес жыл ішінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге 16 рет барды. Өткен жылдың желтоқсанында Назарбаев ЕАЭО Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің құрметті төрағасы ретінде Санкт-Петербургте өткен ЕАЭО саммитіне қатысты. Сондай-ақ, Елбасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуінде болды.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Өткен аптада, 7 наурызда Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы бойынша пікір алмасты.

Жаңалықтар
0