21:17 06 Сәуір 2020
Тікелей эфир
  • USD443.50
  • EUR479.47
  • RUB5.79
Саясат
Қысқа сілтеме алу
4771 0 0

Әлеуметтік желіде 18 наурыз күні Nur Otan партиясының саяси кеңесі отырысында мемлекет басшысы отставкаға кетуі мүмкін деген ақпарат тарап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысында президент ауысады деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әлемді коронавирус жайлап, алдын алу шараларын күшейтуге байланысты мәселемен бірге әлеуметтік желіде 18 наурыз күні президент ауысады деген сыбыс тарай бастады.

Мәжіліс кулуарында "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасының таныстырылымынан кейін журналистер Дәурен Абаевтан саяси кеңестің күн тәртібінде қандай мәселе талқыланатын сұрады. 

"Күн тәртібін қазір нақты айта алмаймын. Ал сіздер айтып тұрған әңгімеге келер болсақ, мен ақпарат министрі ретінде бұл сөзді жоққа шығарамын", - деді Абаев. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев билік қандай кемшілік жібергенін айтты

Бұған дейін Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия саяси кеңесінің отырысы 2020 жылдың 18 наурызында өтетінін жариялаған болатын. 

Коронавирустың президенттің жұмыс кестесіне әсері

Әлемде коронавирустың кеңінен таралуына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесі өзгерді. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, бүгінде әлем бойынша сан алуан келіссөздер, сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер өтпейтін болды. Қазақстан да бірнеше халықаралық шараны кейінге шегерді. Соның ішінде Дүниежүзі сауда ұйымының министрлер кездесуі де бар.

Тақырып бойынша

"Шешім қабылдадым": Тоқаев неден бас тарту керек екенін айтты
"Дұрыс түсінген жоқ": Тоқаев Қордайдағы мәселе туралы айтты
Тоқаев Қордай оқиғасынан кейін дүнген қауымына екі кеңес берді – видео
Тоқаев қазақстандықтарды алаңдатып отырған мәселеге қатысты тапсырма берді
Тоқаев коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
президент, Нұр отан, Дәурен Абаев
Загрузка...

Басты тақырып