Саясат

Тоқаевтың тағы бір кеңесшісі тағайындалды

© Sputnik / Абзал КалиевКадровые перестановки, иллюстративное фото
Кадровые перестановки, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазпоштаның" бұрынғы жетекшісі Бағдат Мусин президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Бағдат Мусин президент кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

"Бағдат Батырбекұлы Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды", - деп жазды Ақорда.

Бағдат Мусин туралы не білеміз

Ол 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келді. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2011-2012 жылдары ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды. 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бағдат Мусин Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетіне 2017 жылдың қаңтарынан төрағалық етті. Оған дейін үш жыл "Қазпошта" АҚ-ның басқарма төрағасы болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің
мүшесі.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілін меңгерген.

Жаңалықтар
0