Саясат

Тоқаев Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өту Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки "Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана" в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана
 Президенты России Владимир Путин и Казахстана Касым-Жомарт Токаев во время осмотра выставки Высокие технологии: возможности регионов России и Казахстана в рамках XVI Форума межрегионального сотрудничества России и Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Владимир Путинге сынама-жүйесінің 4 мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары шекаралас елдердегі коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылады.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ақордада Ресейдің жаңа премьерімен кездесті

Президенттер Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің белсенді байланыстарын атап өтіп, екі елдің атқарушы органдары іс-әрекеттерінің үйлесімділігін күшейтуге байланысты ортақ пікір айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге сынама-жүйесінің 4 мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді. Ресей президенті өндірістің ұлғаю мүмкіндігіне қарай гуманитарлық көмек ретінде берілетін сынама-жүйесінің жиынтықтар санын арттыра түсетінін  жеткізді.

"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Ресей арқылы келетін  және шекаралық аймақтағы Қазақстан азаматтарының қайтуына ықпал етуді сұрады. Владимир Путин туындаған мәселені шешуге Ресей үкіметі көмектесетінін айтты", - делінген хабарламада.

Ресей президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылдарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін конституциялық реформалардың табысты жүзеге асырылуымен құттықтап, жалпыұлттық дауыс берудің оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

Жаңалықтар
0