16:06 06 Маусым 2020
Тікелей эфир
  • USD399.67
  • EUR452.95
  • RUB5.82
Саясат
Қысқа сілтеме алу
315 0 0

Қазақстан президенті жаһандық пандемияның салдары жойылғаннан кейін Израильмен арадағы екіжақты байланыстардың толық қалпына келетініне сенім білдірді  

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Израиль тарапының бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль мемлекетінің президенті Реувен Ривлинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Израиль саясаткері коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте Қазақстан халқы мен Үкіметіне қолдау көрсететінін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Израиль Қазақстан президентінің COVID-19 вирусының одан әрі таралуына жол бермеу, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі нақты іс-қимылдары мен шешімдерін мұқият бақылап отыр. Реувен Ривлиннің пікірінше, Қазақстан дағдарысқа қарсы барлық шараны дер кезінде қабылдады және оның бәрі пандемия жағдайында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тоқаев тұрғындардың әнұранды балконда орындауы ненің көрінісі екенін айтты

Израиль президенті қазіргі уақытта бүкіл әлем миллиондаған адамның жаппай індет жұқтыруын болдырмау үшін қатаң қадамдарға барып, тіпті, оқшаулауға және төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болып отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі адамзатқа төнген аса қауіпті қатер екенін атап өтті.

"Бүгінде бүкіл әлем пандемиямен оның салдарына тиісті жауап беру мақсатында күш біріктіріп, жұмылуы қажет. Осыған орай Қазақстан аталған қатерге қарсы тұру үшін өңірлік және халықаралық деңгейдегі ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті", - деді мемлекет басшысы.

Реувен Ривлин екіжақты қарым-қатынастарды талқылай отырып, Қазақстанмен саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық білдірді. Осыған байланысты ол Қазақстан президентін 2020 жылы күзде Израильге сапар жасауға шақырды.

Қазақстан президенті шақыруды ілтипатпен қабыл алды және жаһандық пандемияның салдарын жойғаннан кейін Израильмен арадағы екіжақты байланыстардың даму қарқыны толық қалпына келетініне сенім білдірді.

Тақырып бойынша

"Birgemiz" қоры қазақстандықтарға 50 мың теңгеден таратып береді
Министр зейнетақы қашан және қалай көтерілетінін айтты 
Тоқаев Намаевты қызметінен босатты
Тоқаев телеарналар арқылы мәлімдеме жасады – толық мәтін
"Басты тойларымыз әлі алда": Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Тоқаев жарлығы: жиынға шақырылған әскери міндеттілерге қанша төленеді
Кілт сөздер:
Израиль, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып