10:41 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Саясат
Қысқа сілтеме алу
157 0 0

ЕАЭО елдері карантин жағдайында неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін өз іс-әрекетін үйлестіруі керек, деп санайды Қазақстан премьері

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне пандемия жағдайында экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуді күшейтуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан министрлер кабинетінің басшысы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында бейнеконференция арқылы сөз сөйледі.

Ол Қазақстан экономиканы тұрақтандыру және халықты қолдау мақсатында 13 миллиард доллардан астам қаражат бөлгенін айтты. Сонымен бірге, премьер-министр одақтас мемлекеттер карантин жағдайында тиімді жұмыс істеуі үшін өз іс-қимылын үйлестіруі қажет деп атап өтті.  

"Біздің халқымызда "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген аталы сөз бар. ЕАЭО аясында қабылданған шаралар дағдарыстың зардабын жеңілдетуге әсер етеді", - деді Асқар Мамин.

Премьер ЕАЭО аясында азық-түліктің және медициналық мақсаттағы өнімдердің жекелеген түрлерін елден шығаруға тыйым салынғанын, әлеуметтік маңызы бар тауарларды, жеке қорғаныс құралдарын, дезинфекциялық құралдар, диагностикалық реагенттер, медициналық жабдықтар мен материалдардың жекелеген түрлерін әкелуге салық салынбайтынын еске салды.  

Ол дағдарыс жағдайында агроөнеркәсіптік кешен өнімдері мен бірінші қажетті заттарды өндіру мен өңдеуде үшінші елдердің өнімдерін импортпен алмастыруға, азық-түлікпен өзін-өзі толық қамтамасыз етуге бағытталған шараларды қабылдау қажеттігін айтты.

Оқи отырыңыз: Назарбаев ЕАЭО-ға қолдау көрсететінін айтты 

Сонымен қатар, қосылған құнның жаһандық тізбегі тұрақтылығының төмендеу тенденциясы өсіп келе жатқанын ескере отырып, экономикалық одақтың қолданыстағы және әлеуетті бәсекелі артықшылықтарына негізделген өндірістік процестерді аймақтандыру Одақ елдерінің бірлескен жұмысының маңызды бағыты болуы керек.

Сонымен қатар, Асқар Мамин Еуразиялық экономикалық одақ қатысушыларына цифрлық технологияларды қарқынды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды.   

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер премьерлерінің ұсыныстары

Коронавирустың экономикалық зардаптары туралы айта келе, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин күш біріктіру арқылы жағымсыз факторлардың әсерін азайту қажет деп атап өтті. Бұл ауқымды әрі күрделі жұмыс.

Беларусь премьер-министрі Сергей Румас коронавирус пандемиясы аясында ЕАЭО экономикасын айтарлықтай долларсыздандыруды ұсынды, ол үшін ортақ нарық аясында жеткізілетін тауарлар мен қызметтердің құнын ұлттық валюталарда белгілеуді күрт арттыру қажет.

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне коронавирус пандемиясы жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл және жүйелі шаралар кешенін қабылдауды ұсынды.

Тақырып бойынша

Қазақстан экономикасы коронавирустан қанша ақша жоғалтқаны белгілі болды
Қазақстан мен Өзбекстан 500 миллион доллардың келісімдеріне қол қойды
Қазақстан Қырғызстанға шағым түсірді
Қазақстан Қытайдан жеміс әкелуді тоқтатты
Асқар Маминнің үкімет басқарғанына бір жыл: Қазақстанда не өзгерді
ЕАЭО электронды темекіге қатысты бірыңғай талап енгізеді
Мәскеуде Назарбаевқа жоғары марапат тапсырылды
Кілт сөздер:
Еуразиялық экономикалық одақ, Асқар Мамин
Загрузка...

Басты тақырып