11:21 06 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.69
  • EUR455.51
  • RUB5.72
Саясат
Қысқа сілтеме алу
93 0 0

Еуразиялық экономикалық одақ елдері басшыларының кезектен тыс кездесуі бейнеконференция түрінде өтеді

АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Коронавируспен күрес ЕАЭО саммитінің басты күн тәртібі болады. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрлігі хабарлады.

"Пандемиямен күрес мәселесі таяу күндері бейнеконференция түрінде өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің (мемлекет басшылары деңгейіндегі) кезектен тыс отырысының басты тақырыбына айналады", - делінген ведомствоның ресми сайтында.  

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) алқасының төрағасы Михаил Мясникович ЕАЭО басшыларының бейнеформаттағы кездесуі 14 сәуірге жоспарланғанын хабарлады. Кездесу жабық режимде өтеді деп жоспарлануда, журналистерге келіссөздердің барысы аудиожазбалар арқылы хабарланады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев ЕАЭО-ға қолдау көрсететінін айтты 

Айта кетейік, 31 қаңтарда Алматыда өткен үкіметаралық кеңесте тараптар ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары келесі жолы сәуірде Минскіде кездесетіні туралы келісімге келген болатын. Алайда пандемияға байланысты шараны виртуалды кеңістікке ауыстыру туралы шешім қабылданды.

ЕАЭО елдері коронавируспен қалай күресіп жатыр

ЕАЭО аясында жаңа коронавирус инфекциясының таралуына ден қою және оның одақ елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына жағымсыз салдарын азайту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде.

Коронавирустың таралуын тежеуге байланысты жағдайды бақылау, сондай-ақ жедел ден қою шараларын әзірлеу үшін уақытша үйлестіру кеңесі құрылып, жұмыс істейтіндігі аталып өтті.

"Бестік" аясында 10 сәуірде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында үкімет басшылары бекіткен пандемия жағдайында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды шаралар кешені дайындалды, деп толықтырды Ресейдің сыртқы істер министрлігі.

Тақырып бойынша

Алматыда ЕАЭО премьерлерінің кездесуі қалай өтті – видео
Қазақстан президенті ТМД үшін "достастық визасын" енгізуді ұсынды
Қазақстан президенті ЕАЭО үшін жаңа міндеттерді атады
Қазақстан премьер-министрі ЕАЭО кедергілерін еңсеру жұмысын күшейтуді ұсынды
ЕАЭО елдері тауар тапшылығы болған жағдайда не істейді
Кілт сөздер:
коронавирус, Еуразиялық экономикалық одақ
Загрузка...

Басты тақырып