22:21 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Саясат
Қысқа сілтеме алу
426 0 0

Мәжілістің жалпы отырысында "Саяси партиялар туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы қаралды

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Мәжіліс саяси партияларды тіркеу үшін партия мүшелерінің санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендетуді көздейтін заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құжат президенттің ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді.

"Заң жобасында саяси партияларды тіркеу үшін оған мүше адамдар санын 40 мыңнан 20 мыңға дейін төмендету ұсынылады. Бұл ұсыныс саяси партияларды құру тәртібін жеңілдетеді, сондай-ақ мемлекеттік шешімдерді әзірлеу және қабылдау процестеріне оң әсерін тигізеді", - деді әділет министрі Марат Бекетаев.

Сонымен қатар, партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін кемінде 30 процент квота енгізу көзделген.

"Жалпы, осы заңнамалық бастамалар әйелдер мен жастарды қоғамның саяси өміріне белсене қатысуға, сондай-ақ көппартиялық жүйені одан әрі қалыптастыруға оң ықпал етеді", - деді министр.

Бұдан басқа, партияларға әйелдер мен жастар арасында квотаны бөлуге қатысты қатаң шектеу қойылмайды. Партиялар тізімді өз қалауымен қалыптастыруға және мандаттарды бөлуге құқылы.

Депутаттар заң жобасын бірауыздан мақұлдады.

Загрузка...

Басты тақырып