21:54 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Саясат
Қысқа сілтеме алу
11990 0 0

Агенттік орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамының сыбайлас жемқорлыққа қатысын анықтайтын бөлім құрылатынын хабарлады

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 11 мемлекеттік саяси басшы қоластындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуына байланысты отставкаға кетуі мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсыбеков мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, шенеуніктер қол астындағылардың кінәсі анықталып, соттың айыптау үкімі шыққан жағдайда ғана отставкаға кетеді.

"Қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы болғаны үшін бірінші басшылардың отставкаға кетуін жүзеге асыру жайлы айтқым келеді. Қаралып жатқан қылмыстық істерді ескере келе, жақын арада, әрине, соттың айыптау үкімі шыққан жағдайда, 11 мемлекеттік саяси басшы отставкаға кетеді", - деді брифингте Жақсыбеков.

Бұдан бұрын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік саяси қызметкерге министрлер мен олардың орынбасарлары, облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері мен орынбасарлары, аудан әкімдері жататын айтты. Олардың қоластындағы адамдар сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған жағдайда басшыларының отставкаға кететіні хабарланды.

Бұл соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін он күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі орталық мемлекеттік органдардың басшылық құрамы арасында сыбайлас жемқорлықты анықтау бөлімі құрылатынын хабарлады.

"Мемлекеттік аппараттың жоғары лауазымды тұлғаларымен жасалынатын ауыр және аса ауыр жүйелік сыбайлас жемқорлық қылмысын анықтау және болдырмау мақсатында агенттік құрылымында анықтау бөлімі құрылады. Оның жұмысын белгілеу кезінде халықаралық тәжірибеге сүйендік.Бөлім біздің ішкі резерв және орта буынды лауазымдарды қысқарту есебінен қамтамасыз етіледі", - деді стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы.

 

Тақырып бойынша

Отставкаға кетсін: Тоқаевтың кеңесшісі жұмыс тобынан шығып кетті
Жемқорлықпен ұсталған әрбір төртінші адам – мемлекеттік қызметкер
"Бұл қорлау емес": Бекболат Тілеухан мәжілістегі әріптестерінің қылығына күйініп кетті
Министрлер мен әкімдер отставкаға кетеді: Бектенов жаңа заңды түсіндірді
Алтай Көлгінов отставкаға кетуі тиіс пе – агенттік жауап берді
Кілт сөздер:
отставка, шенеунік, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып