Саясат

Бүгін Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізеді

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото
Нурсултан Назарбаев во время встречи с президентом России Владимиром Путиным в Кремле, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы 24 сәуір күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізетіні хабарланды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Жұма күні Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Үкібай ақпаратты өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады.

"Қауіпсіздік кеңесінің отырысында дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы қалпына келтіру мәселесі, дағдарыстан кейін даму жайы сөз болады", - деп жазды Үкібай.

2020 жылдың ақпан айында Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерге қатысты ойын айтқан болатын. ​

Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы өмір бойы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығына ие.

Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін үйлестіреді. Сондай-ақ заң жобаларын талдайды және өз құзыреті шеңберінде нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың денсаулығы туралы ақпарат шықты

Қауіпсіздік кеңесінің құрамын мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.

Жаңалықтар
0