21:40 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2631 0 0

Сенат депутаттары кандидатураны бірауыздан жақтап дауыс берді. Ол парламент сенаты төрағасының кеңесшісі болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Серік Сыдықов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Серік Сыдықовты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындауды ұсынды. 

"Өзіме Конституциямен берілген құқықты пайдалана отырып, мен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Серік Сыдықовты ұсынамын. Серік Сламжанұлын жақсы білесіздер, ол белгілі білікті заңгер, сенат аппаратында 25 жылдан аса аса уақыт жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Парламенттегі мол тәжірибесі Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінде пайдалы болады деп сенемін", деді Назарбаева сенат отырысында. 

Сенат депутаттары бірауыздан жақтап дауыс берді. 

Серік Сыдықов туралы не білеміз

Серік Сламжанұлы Сыдықов 1962 жылы туған, жоғары заң білімі бар.

Еңбек жолын 1985 жылы "Казгидрорыбпроект" институты кадр бөлімінің аға инспекторы ретінде бастаған.

1986 жылдан бастап Қазақ КСР Мемлекеттік еңбек комитеті іс басқармасының аға экономисі, азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыс жөніндегі инспекторы, кадр секторының бірінші санаттағы маманы, бірінші санаттағы экономисі (заңгер) қызметтерін атқарды.

1991 жылдан бастап Қазақстан еңбек министрлігі еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заңгер-консультанты, мемлекеттік жұмыспен қамту инспекциясының бастығы – жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары, еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің  бас маманы.

Тағы оқыңыз: "Бұдан әрі күтуге болмайды": Назарбаева дағдарыс проблеманың бетін ашқанын айтты

"Тұран-Агро" фирмасы заң бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан президентінің жоғарғы кеңестегі өкілдігінің аға сарапшысы, Қазақстан парламенті сенаты аппараты сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2007 жылдан парламенті сенаты аппараты басшысының орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2016 жылдан бастап парламенті сенаты аппаратын басқарды.

2020 жылдан парламенті сенаты төрағасының кеңесшісі. 

Тақырып бойынша

 Дариға Назарбаева Конституциялық кеңеске өтініш жасады
"Бәрімізге де оңай емес": Назарбаева сенатта маңызды мәселені көтерді
Назарбаева мен Әлиевтің үйіне қатысты дау: министр жауап беруге қиналды
"Батыл шешімдер қажет": Дариға Назарбаева мәлімдеме жасады
Назарбаева: Сын сағатта бірде-бір адам қамқорлықсыз қалмайды
Кілт сөздер:
сенатор, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып