Саясат

Қазақстан Ресеймен серіктестікке басымдық береді – президент

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства
Президент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның сыртқы саясаты көп векторлы және теңгерімді болып қала береді, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Қазақстан сыртқы саясатта Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынасқа басымдық береді, деп мәлімдеді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясына берген сұхбатында еліміздің сыртқы саясатының іргелі ұстанымдары – көпвекторлылық, теңгерімділік, конструктивизм екенін атап өтті.

"Мұндай сыртқы саясат, менің ойымша, біздің елдің геосаяси мәртебесіне сәйкес келеді. Оның үстіне географиялық орналасуына да қолайлы. Бірақ осы сыртқы саясат аясында біз Ресеймен стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарға басымдық береміз. Біз үшін бұл маңызды сәт", - деді Тоқаев.

Президент Қазақстан саяси және өркениеттік өлшемдер бойынша Батыс пен Шығысты байланыстырушы функцияны атқаруға тырысатынын атап өтті. Еліміз бірқатар беделді еуразиялық құрылымның, соның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының, ЕҚЫҰ және Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің белсенді қатысушысы.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

"Үш жыл сайын Қазақстанда әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтеді. Біз өзімізді Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік сауда көпірі деп санаймыз. Қазақстан әрқашан екі құрлықты байланыстыратын көлік-коммуникациялық жобалар шеңберіндегі маңызды буын болуға ұмтылды", - деп еске салды Тоқаев.

Қазақстанда 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.  

Жаңалықтар
0