21:51 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Саясат
Қысқа сілтеме алу
8062 0 0

Осы жылдың 2 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Мәулен Әшімбаев парламент сенатының төрағасы болып сайланды. Бұл ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли растады.

4 мамырда мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев сенат депутаты болып тағайындалды. Бұған дейін ол президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді.

Осы жылдың 2 мамырында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенат депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты.

Ол 2016 жылдың 13 қыркүйегінен бастап парламенттің жоғары палатасының депутаты болды. 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың мамырына дейін сенат төрағасы қызметін атқарды.

Мемлекет басшысы Дариға Назарбаеваға сенат төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Мәулен Әшімбаев туралы не білеміз

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2016 жылы Тафтса университетін, Флетчер атындағы құқық және дипломатия мектебін (АҚШ) аяқтаған. Саяси ғылымдардың кандидаты. Халықаралық қатынастар магистрі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгерген.

Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді. Қазақстан Жоғарғы кеңес депутатының көмекшісі, президент әкімшілігі сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары болды.

Первый заместитель председателя партии Nur Otan Маулен Ашимбаев
© Sputnik / Абзал Калиев.
Мәулен Әшімбаев

Қазақстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры, қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, V, VI сайланған мәжіліс депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Әшімбаев 2018-2019 жылдары "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болды. Кейін президенттің көмекшісі болып тағайындалды.

2019 жылдың 18 желтоқсанында президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Назарбаеваның сенаттан кетуінің себебі неде – саясаттанушылар пікір білдірді

Айта кетсек, сенатты депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы сайланған төраға басқарады.

Сенат төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан президенті ұсынады.

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі - алты жыл.

Сенаттың он бес депутатын республика президенті тағайындайды. Сенаттың тағайындалған депутаттарының өкілеттігі президенттің шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Президент Дәурен Абаевты қызметінен босатты
Назарбаев коронавирус пандемиясынан кейін не болатынын айтты 
Тоқаев Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтатты
Тоқаев сенат депутатын тағайындады
ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты
Кілт сөздер:
Мәулен Әшімбаев, сенат төрағасы, Дариға Назарбаева
Загрузка...

Басты тақырып