23:45 03 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.77
  • EUR457.91
  • RUB5.77
Саясат
Қысқа сілтеме алу
2645 0 0

Бұған дейін ақпарат министрі болған Дәурен Абаевты Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр – Sputnik. Аида Балаева ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалды.

"Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметіне тағайындалсын", - деп жазылған Ақорда жариялаған құжатта.

Мемлекет басшысының жарлығымен ол президент көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Аида Балаева туралы не білеміз

Аида Балаева 1974 жылы 4 шілдеде дүниеге келген. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы "құқықтану" мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқыды.

Әр жылдары Алматы қаласының ішкі саясат департаментінің директоры, астанадағы ішкі саясат басқармасының басшысы, 2010 жылдың ақпан айынан 2014 жылдың желтоқсанына дейін Астана (қазіргі Нұр-Сұлтан) қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Заведующая отделом внутренней политики Администрации Президента РК Аида Балаева
© Photo : Гражданский альянс Казахстана
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева

2014 жылдың желтоқсан айында президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың 22 шілдесіндегі президент жарлығымен Аида Балаева ҚР президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне кірісті.

Еске сала кетсек, бүгін бұған дейін ақпарат министрі болған Дәурен Абаевты Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл қызметті Мәулен Әшімбаев атқарған еді, ол президенттің жарлығымен Дариға Назарбаеваның орнына келіп, сенат төрағасы болды.

Тақырып бойынша

Дариға Назарбаеваның орнына кім келгені белгілі болды
Президент Дәурен Абаевты қызметінен босатты
Тоқаев сенат депутатын тағайындады
ОСК Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін тоқтатты
Тоқаев әскерге шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізді
Загрузка...

Басты тақырып