16:18 14 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD411.66
  • EUR465.92
  • RUB5.81
Саясат
Қысқа сілтеме алу
417 0 0

Президент әкімшілігінде жаңа кадрлық ауыс-түйіс болды. Бұған дейін еңбек ресурстарын дамыту орталығын басқарған Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Тамара Дүйсенова Қазақстан президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды.

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының жарлығында.  

Ол 4 мамырда Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалған Аида Балаеваның орнына келді.

Тамара Дүйсенова туралы не білеміз

Тамара Дүйсенова Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың сенімді өкілі болған Әшімбаев туралы қызықты деректер

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Nur Otan партиясының хатшысы қызметтерін атқарды.

2019 жылдың шілдесінен бүгінге дейін "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-ның басшысы болды.

Тақырып бойынша

Саясаттанушылар Қазақстандағы ауыс-түйіске қатысты не ойлайды
Президент Дәурен Абаевты қызметінен босатты
Тоқаев сенат депутатын тағайындады
Дариға Назарбаеваның орнына кім келгені белгілі болды
Тоқаев жаңа ақпарат министрін тағайындады
Тоқаев сенаттың бұрынғы және жаңа спикері туралы не ойлайтынын айтты
Кілт сөздер:
президенттің көмекшісі, Тамара Дүйсенова
Загрузка...

Басты тақырып