16:16 14 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD411.66
  • EUR465.92
  • RUB5.81
Саясат
Қысқа сілтеме алу
210210

Тізімге қорғаныс министрі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және шекара қызметінің басшылары да еніп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Қарулы күштер бас штабы басшысы - қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектановқа, қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевқа, шекара қызметінің басшысы Дархан Ділмановқа, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа, тұңғыш президент атындағы ұлттық қорғаныс университетінің басшысы Сұлтан  Қамалетдиновке генерал-лейтенант әскери атағы берілді.

Әділет генерал-лейтенанты әскери атағын бас әскери прокурор Дастан Сартаев алды.

Кәрім Мәсімовке ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы берілді.

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін бас прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов алды.

Генерал-майор әскери атағы шекара қызметі басшысының орынбасары Серік Жазинге, қарулы күштер құрлық әскерлерінің Зымыран әскерлері мен артиллериясының қолбасшысы Асқар Жоламановқа, "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы басқару штабының бастығы Асан Жүсіповке, ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильинге берілді.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын Асқар Әмірханов, Қостанай облысы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Жанқозы Қадырбеков пен Павлодар облысы ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Нұрғанат Манжуов алды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев төтенше жағдай мерзіміне байланысты мәлімдеме жасады

Ермек Сағымбаевке мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы берілді.

Полиция генерал-майоры арнаулы атағын Шымкент полициясының бастығы Ералы Жұмаханбетов, ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов пен Алматы қаласы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов алды. 

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры Бауыржан Мырзакеров пен президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Тимур Сүлейменовке берілді.

3-санатты жоғары біліктілік сыныбын Олжас Бектенов пен Шыңғыс Қабдула алды.

Тақырып бойынша

Тоқаев сенаттың бұрынғы және жаңа спикері туралы не ойлайтынын айтты
Мәсімов Назарбаевтың отставкаға кететінін естігенде, қандай кеңес бергенін айтты
Тоқаев: Сенаторлар сыни пікірлер айтуға құқылы  
Қазақстанда банк салымшыларына қауіп жоқ – Тоқаев
Түркістан облысының бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды – Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып