Саясат

Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиОрден "Айбын" 2-й степени
Орден Айбын 2-й степени - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге үлес қосқан қызметкерлер марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскерилер мен полицейлерді мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Отан қорғаушылар күні қарсаңында 45 адам орден, 53 адам медаль мен 3 адам Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасын алды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

​І дәрежелі "Даңқ" орденімен Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов, ІІ дәрежелі "Даңқ"" орденімен Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев марапатталды.

ІІ дәрежелі "Айбын" ордені ішкі істер министрлігінің департамент бастығы Санжар Әділов, мемлекеттік күзет қызметінің президент күзет қызметі бастығының орынбасары Сәкен Исабеков, қорғаныс министрлігі бөлім командирінің орынбасары – 14776 әскери бөлімі орталығының бастығы Рахат Қарсембаев, қорғаныс министрлігі бас инспекциясы әскерлердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігі мен даярлығы инспекциялық басқармасының бастығы Төлеуқан Нұрқанов, ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы Александр Пеньковке берілді.

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің "Айбын" президенттік полкінің 1-санатты маманы Ғалымжан Әлиев марапатталды.

"Құрмет" орденімен ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметінің директоры Тамерлан Жұмағалиев марапатталды.

"Ерлігі үшін" медалі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдос Бесжанов, ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Сарыарқа аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы Ерлан Жаңабаев, қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитеті жедел департаментінің аға жедел уәкілі Мирас Құрбанов, ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі №17 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Сергей Мазурға табысталды.

"Жауынгерлік ерлігі үшін" медаліменқорғаныс министрлігі кадрлар департаментінің офицері Шолпан Тауышова, қорғаныс министрлігі 44813 әскери бөлімі С-300 зениттік зымыран дивизионының командирі Александр Томилин марапатталды.

Олар әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге үлес қосқан.

Жаңалықтар
0